+7 (7182) 65-04-05, 65-04-06
Қазақстан Республикасы,
Павлодар қ., Ак. Бектұров көш., 79
Новости

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

Звезда качества«Сапа Жұлдызы» тауарлар мен қызметтер сапасының Ұлттық Рейтингін саралауға сәйкес «Ертіс» қонақ үй кешені ЖШС-не Қазақстан Республикасында қызмет ететін кәсіпорындардың арасында жоғары сапа мен бизнестегі басымдылыққа қол жеткізгені үшін «МЕМЛЕКЕТТІҢ ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ» атағы тағайындалады!

Рейтингтің мақсаты: қазақстан Республикасының аумағында жоғары сапалы отандық тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы нағыз көшбасшыларды анықтау және қоғамға көрсету, кәсіпорынның қоғамдық танылуына көмектесу.

Рейтинг Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика органдарының ресми деректері негізінде құралады және шешім қабылдауға адами фактордың әсер етуін болдырмайды.

«Сапа Жұлдызы» тауарлар мен қызметтер сапасының Ұлттық Рейтингінің қосалқы ұйымдастырушысы болып Экономикалық Даму Комитеті және Съездер Алқасы саналады – бұл әлемдегі танымал, тәуелсіз бизнес бірлестіктер және бүгінгі күні өзекті болып келетін терең зерттелген сараптама мен негізделген шешімдер ұсынатын, қоғам мүддесіне жұмыс атқаратын зерттеу ұйымдары болып табылады.

Бұл Қазақстандағы– меншік нысанына байланысты емес барлық шаруашылық субъектілерінің арасында есептік мерзімге (жыл) кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін саралау қағидаты негізінде бизнестегі басымдылыққа қол жеткізген көшбасшыларды анықтайтын риясыз, кешенді, объективті, айқын дара жүйе.


Возврат к списку