Таңғы ас
Жылы төсек, сергітетін душ және көтеріңкі көңіл-күймен басталған таң — бұл мол әрі пайдалы таңғы ас!
«Ертіс» қонақ үй кешені Сізді түрлі дәмдерге бай, салауатты және талғаммен дайындалған таңғы асқа шақырады. Таңғы ас жағымды музыкамен, жайлы атмосферамен және мейірімді қызметкерлердің ілтипатымен сүйемелденеді. Таңғы ас үлкен мейрамханада сағат 7:00-ден 10:30-ға дейін беріледі.
«Швед үстелі» түріндегі мәзір келесі тағамдарды қамтиды:
Екі түрлі сүт ботқасы;
Жұмыртқа тағамдары: қуырылған жұмыртқа, омлет, сосискалар;
Түрлі ірімшіктер мен шұжықтар;
Ыстық және суық тағамдардан тұратын бай ассортимент;
Жаңа піскен көкөністер тұздықпен бірге;
Жеміс салаты, жаңа сығылған шырынмен;
Сүт өнімдері: сүзбе, қаймақ, сүт, айран, йогурттар;
Құрғақ таңғы астар мен мюсли;
Круассан, тоқаштар, құймақтар — біздің наубайханада таңертең ерте пісіріледі;
Жаңа дайындалған кофе, шай, шырын және су.
Сізге сәтті және жемісті күн тілейміз!