Фитнес орталығы «Fitness Park»
«Fitness Park» — бұл тренажер залы, бассейн және 3 сауна.
Спорт залы Олимпиада ойындарының ресми жабдықтаушысы болып табылатын итальяндық «Techno Gym» брендінің заманауи жаттығу құралдарымен жабдықталған. Сіздің жайлылығыңыз үшін кең киім ауыстыру бөлмелері, үлкен шкафтар, душ кабиналары, салқын су кулерлері және Wi-Fi қолжетімділігі қарастырылған.
Бассейн ұзындығы 14 метр, тереңдігі 1,5 метр. Су температурасы 30°C деңгейінде ұсталады.
Бассейн аймағында 3 сауна бар: 2 финдік (ерлер мен әйелдерге бөлек) және ортақ инфрақызыл сауна. Сауналарды сағаттық жалға алу қарастырылмаған.
Біздің нұсқаушылар Сізге жеке жаттығу және тамақтану бағдарламасын таңдауға көмектеседі.
Біз 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейміз. Аймақта автотұрақ бар.
Қосымша ақпарат алу үшін бізбен хабарласыңыз:
+7 (7182) 65 07 01